Қазақстандық парламентаризмнің 25 жылдығы
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996 жылғы 30 қаңтарда Сенат пен Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің алғашқы шақырылымының бірінші сессиясы өткен кезден бастау алады.
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламентін құруды ел шежіресі мен оның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы маңызды оқиға екендігін атап өтті. «Біз Қазақстанда шынайы, өркениетті парламентаризм құрудың алдында тұрмыз», – деді Елбасы.
Бүгінде Қазақстан Парламенті – ұлттық мемлекеттіліктің негіздерін бекітуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттік билік органы. Депутаттардың басты міндеті – сапалы заңдар қабылдау және қоғамның өзекті мәселелерін шешу.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауындағы парламентшілерге арнаған сөзінде: Қос палата бірлесіп, елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптастырды… Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек. Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер», – деген болатын.
Елбасы кітапханасы қазақстандық парламентаризмнің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылуы мен даму тарихына арналған бейнеролик дайындады.