Ұлттық архивте терроризмге қарсы іс-қимыл семинары өтті
2021 жылдың 26 қазанында ҚР Ұлттық архивінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы заңнама саласында білім беру, террористік қатерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық дағдыларды алу, террористік қауіп кезінде құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйрету мақсатында арнайы семинар өткізілді.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілетті уәкілі Әмір Маратов қатысып, Ұлттық архив қызметкерлеріне террористік қатерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.