Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі ҚР Ұлттық архивін 15-жылдық мерейтойымен құттықтады
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 15-жылдық мерейтойына орай құттықтау хатын жолдады.
«Сіздердің мекемелеріңізде ел тарихының елеулі кезеңдеріне, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты жүз мыңдаған жәдігерлер сақталып отыр. Ол құжаттар мен жәдігерлерсіз тарихты зерттеу, ғылымның, мәдениет пен білім беру саласының дамуы мүмкін емес.
Қызметтеріңізде жоғарғы технологиялар мен заманауи әдістердің қолданылуы – заманымыздың талабы. Сіздер бұл бағытта да алдыңғы қатарда келесіздер. Бұл – Ұлттық архивтің болашағы жарқын, табыстары кемел болады деген сөз.
Сіздерге осы жолда жаңа толайым табыстар мен жеңістер, жұмыстарыңызға сәттіліктер, отбасылараңызға бақ-береке мен шаттық тілеймін!» – делінген құттықтау хатта.