Ұлттық архив қоры Ж. Мәлібеков құжаттарымен толығады
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тектік қорлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтың жеке құжаттарымен толығатын болды.
Рәміздер мерекесі қарсаңында Елтаңба авторының өзі құнды құжаттарын Ұлттық архивке табыс ету мақсатында Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Керімтаева Әсия Заманбекқызын және бөлім қызметкері Әбсадықова Фатима Сұлтанназарқызын қабылдап, құнды құжаттарын Ұлттық архив қорына тапсыру туралы келісім шарт жасасты.
Жандарбек Мәлібеков өзінің өмір жолы, шығармашылық еңбектері туралы қызықты естеліктерімен бөлісіп, қолтаңбасымен кітаптарын сыйға тарту етті.