Ұлттық архивте Мемлекет басшысының үш томдық жинағы талқыланды
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы бір жыл ішінде атқарған барлық жұмыстары мен сөйлеген сөздері топтастырылған үш томдық жинағын талқылады.
Бұл жинақты ҚР Президентінің баспасөз қызметі Ұлттық архивке арнайы сыйға тарқан болатын. Жинақта Мемлекет басшысының 2020 жылы жасаған барлық жұмыстары, өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының барысында, түрлі жиындарда сөйлеген сөздері, Үндеулері мен Мәлімдемелері, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбаттары мен әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалалары үш кітапқа топтастырып отыр.
ҚР Президентінің Баспасөз қызметі оқырман қауымға Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылда атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы ретінде осы 3 томдықты ұсынып отыр. Жинаққа Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиындардың фотосуреттері де енген. Кітапта жарияланған материалдар жас ізденушілерге, мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп жатқан қызметшілерге құнды әрі деректі құжат болмақ.