«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлері Президент Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Т.Дүйсенованың 2021 жылғы 21 сәуірдегі №21-63-3.14 хаттамалық тапсырмасының 2 тармағына сәйкес «Е-өтініш» ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша онлайн форматта Zoom жүйесі арқылы өткен оқытуға қатысты.
Бүгінгі таңда тиімді жүзеге асырылып жатқан «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге, мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға, өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға және мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі және жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін оңтайландырады.