Әдістемелік кеңес отырысы
2021 жылғы 15 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың архив ісі және құжаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылған Әдістемелік кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібіне архив ісі және құжаттау саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әдістемелік жұмыс бағыттарын талқылау, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттамамен қамтамасыз ету сұрақтары және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану барысында кездесетін проблемалық мәселелерді қарастыру, толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар үшін істер номенклатурасын жасау жөніндегі жадынама әзірлеуді келісу, архив ісі және құжаттау мәселелері бойынша Ұлттық архивте тағылымдамадан өту, архивтік құжаттардың ведомстволық архивте сақталуының жай-күйі сынды маңызды мәселелер талқыланды.
***
***
***
***
***
***
***
Ұлттық архивтің Әдістемелік кеңесінің төрағасы Сағила Нұрланова осы мәселелерді шешу жолында методикалық нұсқаулықтар мен жадынамалар дайындау қажеттігіне тоқталып, құжаттау бойынша өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері ведомстволық архивтердің бүгінгі таңда өзекті саналатын мәселелеріне тоқталып өтті.
Әдістемелік кеңестің жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуге уағдаласты.