Өндірістік оқу
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова архив қызметкерлеріне іс жүргізу мәселелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сараптау-тексеру комиссиясының қарауына келіп түсетін құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу барысында құжаттарды ресімдеуде туындайтын сұрақтарды талқылау мақсатында өндірістік оқу өткізді.
Кездесу барысында архив қызметкерлері құжаттарды ресімдеуде жиі кездесетін сұрақтарына жауап алып, архив саласындағы өзекті мәселелерімен бөлісті.
***