Халықаралық онлайн-конференция
2021 жылдың 16 наурызы күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Отандық тарих ғылымы және архив: өзекті мәселелер және тың деректер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.
***
***
***
Конференцияға ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары Сауле Мушкенова қатысты.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты тарихты зерттеушілердің еңбектерінде архив деректерін кеңінен қолдануға серпін беру арқылы тарихи нақтылыққа қол жеткізу, архив қызметі саласындағы жаңашылдықтарды қолдау және іс жүзінде қолдану болды.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
1. Орта ғасыр тарихының өзекті мәселелерін деректер негізінде талдау.
2. Отарлық кезең тарихын зерттеу барысындағы отандық және шетелдік архив мәліметтерінің маңыздылығы.
3. Кеңестік тоталитарлық жүйе бағытындағы зерттеулерде архив
деректерінің алатын орны.
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерін архив
деректері негізінде зерттеу болды.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.