Ұлттық архив Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы өтті
2021 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Кеңес отырысын Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры, Ғылыми кеңестің төрайымы Сағила Нұрланова ашты.
***
***
«Кез келген халықтың, кез келген мемлекеттің күші де, қуаты да оның өткен тарихында деген қанатты сөз бар. Ал тарихты сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін архив екені айтпаса да түсінікті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Содан бері архивте тәуелсіздік жылдарындағы құжаттар сақталып келеді. Бүгінгі таңда Ұлттық архивті сала бойынша жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу, әдістемелік орталыққа айналдыру мақсатында Ғылыми кеңес құрылып, сол кеңестің ең алғашқы жиналысында бас қосып отырмыз», – деп атап өтіп, Ғылыми кеңес мүшелеріне алғысын білдірді.
Кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың болашақ жоспарлардың бағдары мен халқымыздың мұрасын жаңғыртуда маңызды құжат болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласы талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар форматы және мазмұны бойынша сұрақтар да өзекті мәселелер қатырында болды.
Ғылыми кеңес мүшелері бүгінгі таңда тәуелсіз Отанымыз 30 жыл ішінде әлемге өзінің баянды саяси тұрақтылығымен, кешенді экономикалық дамуымен, бай мәдениетімен кеңінен танымал екенін атап өтіп, Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларды нақты бағыттар бойынша жұмыс істеуге арналған нұсқаулық және ел мұрасын түгендеу жолындағы маңызды міндет деп білетіндерін атап өтті.
Ғылыми кеңес төрайымының орынбасары Мирболат Жақыпов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавтың мақаласындағы жаңа тарихты қайтадан жазу керек деген тапсырмасына нақты тоқталды.
***
***
«Тәуелсіздік алған кезден бері Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының айтып келе жатқан «Мәңгілік ел» идеясы мен Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы айтылған ойлар бір арнаға тоғысып, бір-бірімен ұштасып жатыр. Осы идеяларды жүзеге асырып, одан әрі дамыту үшін тарихшылар мен архивистердің бірлесіп жұмыс жасауы ауадай қажет.
Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жеткен жетістіктеріміз бен атқарған жұмыстарымызға байланысты барлық маңызды құжаттар осы Ұлттық архив қорларында жатыр. Зерттеушілеріміз осы құжаттарды толық зерттеп, еліміздің барлық салаларындағы жетістіктерін ғалыми айналымға енгізіп, жаңа тарихты солай қалыптастыру керек», – деді Мирболат Жақыпов.
***
***
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Задаш Дүкенбаева Ұлттық архив базасында ЕҰУ-дың архивистерді дайындайтын ғылыми бағыттағы филиалын құру идеясын ұсынды.
***
***
***
***
***
***
***
***
***
***
Дәстүрді жалғастыру мен жаңғырту жолында тарихи оқиғалардың, тарихи тұлғалардың өрісті парасаты мен үлгілі бастамалары бүгінгі ғылым-білімнің, мәдениеттің нысанасына айналуы тиіс, – деп Ғылыми кеңес мүшелері отырыс барысында бірқатар шешімдер қабылдады.
***
***
Сонымен қатар, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мемлекет қайраткері, құжаттанушы Мирболат Жақыповпен жеке қорын тапсыру бойынша келісім-шарт жасасты.