Әлібек Асқаров – 70 жаста!
Құрметті Әлібек Асылбайұлы!
Сізді 70 жасқа толған мерейлі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз Сізді әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар танымал тұлға, білікті басшы, қоғам қайраткері, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы ретінде мақтан тұтады, құрметтейді.
Қаламыңыздан туған “Құтмекен”, “Тайга толғауы”, “Жасыл әлемге саяхат”, “Ерте түскен бозқырау”, “Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді”, “Мұнар тауды, музарт шыңды ансаймын” және басқа да туындыларыңыз төл әдебиетімізбен мәдениетімізді дамыту жолында айтарлықтай үлес қосып, классикалық туындыларыңыз арқылы сөз өнерінің құдыретін таныта отырып, ой тереңдігімен оқырман қауымды ізгілік пен адамгершілікке, табиғатты аялауға, шынайылыққа, отансүйгіштікке бастап, қазақ руханиятына қалтықсыз қызмет жасап келесіз.
Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз. Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан талмаңыз! Келер ұрпаққа берер, Ұлттық архив қорын толтырар кемел дүниеңіз көп болсын! Шаңырағыңызға шаттық, баянды бақыт, зор денсаулық, өмірдің барлық қуанышын қызықтап, Алланың берген жасын жасап, несібе-дәулетіңіз арта берсін деп тілеймін!
Құрметпен,
Сағила Нұрланова,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің директоры