Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивіне іс-сапар
Алматы қаласында орналасқан архив мекемелеріне іссапар барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма басшысы Гүлзира Қарсақбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова және кеңесшісі Гаухар Хайруллина Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде болып, жаңа ғимараты мен жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Заманауи жабдықталған архив қоймаларын аралап, экспозициялық залдарда қойылған жеке қор құрушылардың құжаттары негізінде дайындалған көрмелерді тамашалады.
***
***
***
***
Әріптестер бүгінгі күні архив саласындағы өзекті болып саналатын архивтiк құжаттарды цифрландыру мен электронды архивiн құру мәселелері бойынша пікір алмасып, ортақ саланы дамыту жолында ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
ulttykarhiv.kz