Сараптау-тексеру комиссиясының отырысы өтті
2020 жылдың 24 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық архивінің меңгерушісі Асабаева Балжан Абдрахманқызы қатысты.
Күн тәртібі бойынша СТК-да толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан келіп түскен 29 құжат қаралды. Олардың қатарына тұрақты сақталатын істер тізімдемелері, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, Ұлттық архивтің әлеуеттік жинақтау көздері-ұйымдары тізіміне енгізу туралы ұсыныстар жатады.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова жұмысты қорытындылай келе, күнтізбелік жыл аяқталуына байланысты Сараптау-тексеру комиссиясының мүшелері мен сарапшыларына алғыс білдірді және алдағы уақытта Ұлттық архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарға методикалық көмек көрсету мақсатында семинарлар мен оқытулар өткізуді ұсынды.
***
***
***
ulttykarhiv.kz