Құжаттардың сақталуын қамтамсыз ету бөлімі
Құжаттардың сақталуын қамтамсыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- барлық жеткізгіштер түріндегі Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау;
- Ұлттық архивтің архив қоймаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау және сақталуын қамтамсыз ету;
- Мемлекеттік құпиялар бар құжаттарды қабылдау, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету;
- құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын және пайдалану қорын сақтау және қамтамасыз ету;
- сақтандыру көшірмесін жасауға беру үшін аса құнды құжаттарды анықтауды жүргізеді;
- зерттеушілерге оқу залына, сұраныстарды орындау үшін архив қызметкерлеріне жұмыс орындарына, қалпына келтіруге құжаттарды беріп, оның қайтарылуын қадағалауды жүзеге асырады.