«Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарлама құжаттарда (1997-2004 жж.)
«Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік бағдарлама құжаттарда (1997-2004 жж.). Құжаттар мен материалдар жинағы. – Астана, 2010. 316 б.
Құрастырушылар: тарих ғылымдарының кандидаты Р.Х. Сариева, Л.О. Сексенбаева, М.Қ. Ыдырысов, Б.Т. Имансерікова.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорларындағы құжаттар негізінде дайындалған жинақта «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» (1997-2004 жж.) мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы мен тәжірибелік жүзеге асырылу үрдісін бейнелейтін құжаттар берілген.
Жинақта айналымға алғаш рет енгізілген 92 мұрағаттық құжаттардың түпнұсқалары жарияланған.
Ғылыми айналымға кең оқырман қауымға қолжетімсіз құжаттар енгізілген.
Жинақ ғалымдар, оқытушылар, аспиранттар мен студенттер және туған өлке тарихына, халқымыздың мәдени және тарихи мұрасына қызыға қарайтын кең оқырман қауымға арналған.