Ұлттық архивте дөңгелек үстел өтті
2019 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауын талқылау бойынша «Президент жолдауы: мәдениет саласының дамуы» дөңгелек үстелі өтті.
Отырысқа еліміздің белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы республикамыздың барлық тұрғындары үшін маңызды оқиға болып табылады, өйткені әрбір азамат өзі үшін басты бағыт табады.
Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті лауазымында болған алғашқы Жолдауы ел мен қоғамның одан әрі дамуы айқын баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттер белгіленгені атап өтілді.
Сөз сөйлегендер жолдаудың барлық тезистері мен бөлімдерінің, сондай-ақ қазіргі заманғы тиімді мемлекеттің алдында тұрған алдағы реформалар мен негізгі міндеттердің өзектілігін атап өтті.
Спикерлер әлеуметтік көмекке және мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға ерекше назар аударды,сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекет пен халық диалогына негізделген қоғамды трансформациялау жолындағы Мемлекет басшысының идеяларын үлкен ықыласпен қабылдады.
ulttykarhiv.kz