Архив қызметкерлері праймеризге белсене атсалысуда
Қазақстанда 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясында партияішілік таңдау – праймериз өткізу науқаны жүруде. Бұл шара еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық партияішілік масштабта өтуде және партияның қайта жаңғыруының және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанына дайындығының қорытынды кезеңдерінің бірі болып табылады. 3 күнге жоспарланған сайлауда таңдауды тек «Nur Otan» партиясы мүшелері ғана жасай алады. Үміткерге дауыс беру Primaries.kz сайтында, мобильді қосымша арқылы, сайлау учаскелеріндегі онлайн кабиналарда өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды. Праймериз «Nur Otan» партиясының мүшелері арасынан танымал және беделді партия мүшелерін демократиялық жолмен алдын-ала іріктеу мақсатында өткізілуде.
Осыған орай 2020 жылғы 3 қазанда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында орналасқан «Nur Otan» партиясы «Есіл» аудандық филиалы №29 сайлау учаскелік комиссиясы мүшелері «Мұрағат» бастауыш партия ұйымы – Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қызметкерлері өз жұмысын жоғары деңгейде атқарды. «Nur Otan» партиясы «Есіл» аудандық филиалы №29 сайлау учаскелік комиссиясына төрайымдық еткен Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы осындай ауқымы кең игі шараға белсенді қатысқан әріптестеріне алғысын білдірді.
ulttykarhiv.kz