Сараптау-тексеру комиссиясының отырысы өтті
2020 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібі бойынша СТК-да толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан келіп түскен 15 құжат қаралды (тұрақты сақталатын істер тізімдемелері, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер).