Онлайн режиміндегі СТК отырысы
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы әдеттегіден өзгеше, онлайн түрде
өткізілді. Оған Ұлттық архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Күн тәртібі бойынша отырыста ұйымдардан келіп түскен 17 құжат қаралды (тұрақты сақталатын істер тізімдемелері, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер).