Онлайн режимінде жұмыс істеу
Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус әлем халқын әбігерге салып, қалыпты өмірге күтпеген өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізіліп, көптеген мекемелер қашықтан жұмыс істеу кестесіне көшті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуге шақырды.
Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қызметкерлері жоспар бойынша жұмысты онлайн режимінде өткізіп жатыр. Атап айтсақ жариялау-баспа бөлімі республиканың мемлекеттік архивтері мен мемлекеттік органдарының ведомстволық архивтерінің практикалық жұмысында, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдар, ұлттық холдингтар мен компаниялар және жекеменшік архивтердің іс жүргізуді ұйымдастыру жұмысында пайдалануға арналған «Архив ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, ғылыми-әдістемелік құжаттар жинағын» басып шығару бойынша баспаханамен түптеу кезеңінің жұмысын іске асыруда.
Барлық отандастарымызды отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты болып, сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.
БІЗ БІРГЕМІЗ!