Хабарландыру!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның
отырысы шешімімен Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары және тиісті облыстарда төтенше жағдай режимі сәуірдің аяғына дейін созылуына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындау, оқу залында зерттеушілерді қабылдау, азаматтарды жеке қабылдау сынды қызмет түрлерін 2020 жылдың сәуір айының аяғына дейін уақытша тоқтататынын хабарлайды.