Дөңгелек үстел
2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолына арналған «Батырдық Баянды» мыры »атты дөңгелек үстел өтті. 2019 жылғы 5 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолын көрсететін «Батырдың баянды ғұмыры» атты дөңгелек үстелі өтті.
Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың жеке тектік қоры Ұлттық архивке 2018 жылы қабылданып, Қазақстанның Ұлттық архив қорын тарихи құнды деректермен толықтырды. Жеке тектік қорлар мәдениет, ғылым, саясат және өзге де салаларда ерекше еңбегімен танылған, мемлекеттік марапаттарға ие болған жеке тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің құжаттарынан құрылады және халықтың рухани қазынасы болып табылады.
Даңқты тұлғаның ерлік жолын насихаттау, келешек жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған шараны модератор Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Әбіл Жоламанов жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, Ауған соғысының ардагері, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков, Қазақстан Республикасы «Бейбітшілік достығы» дүниежүзілік қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Зиканов Леонид Васильевич сөз сөйлеп, Халық Қаһарманының әскер саласындағы шеберлігі мен біліктілігі ғана емес, өз Отанына, еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігі, адамгершілік қасиеттері жөнінде айтты. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанттары халқымыздың батыр ұлына өмір жолы, әскери қызметі, өмірлік ұстанымдары жайлы сұрақтар қойып, қызықты әрі пайдалы пікір алмасу болды. Бақытжан Ертаев өзінің Әскери ант қабылдағанына 50 жыл толғаны, әскери қызметіндегі есте қаларлық оқиғалары жайлы әңгімелеп, жас сарбаздарға Отанды сүйіп, әскери қызметте адал болуға шақырып, батасын берді.
Кездесуге келген қонақтар Б. Ертаевтың жеке қоры құжаттары негізінде дайындалып, ерліктері мен азаматтық бейнесі нақты деректермен жан-жақты сипатталған «Тұғыры биік тұлға» атты құжаттық көрмесін тамашалады. 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолына арналған «Батырдық Баянды» мыры »атты дөңгелек үстел өтті.