Әйелге әсемдік жарасады

2025 жылғы 5 наурыз күні «Ұлттық мұра» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві, «AMANAT» партиясы Есіл аудандық бөлімшесі және Астана қаласы мәслихатының депутаты, этнограф-коллекционер Бахаргүл Төлегенқызымен бірлесе ұйымдастырған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелге әсемдік жарасады» атты архивтік құжаттар, зерттеулер, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көрмесі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер жұлдыздары мен қоғам белсенділері қатысты.
Ұлттық қолданбалы өнер мен сән әлемінің жаңа толқыны үйлесім тапқан көрмеге архив қорларында сақталған фотоқұжаттар мен «Әдемі-ай» компаниясының негізін қалаушы Бахаргүл Төлегенқызының жеке коллекциясындағы XVIII-XIX ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі құнды зергерлік бұйымдары қойылды. Сонымен қатар Ақселеу Сейдімбектің ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар, асыл тастар туралы қолжазба зерттеу еңбектері де көпшілік назарына ұсынылды.



