18-19 ақпан күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару» атты тақырыпта біліктілікті арттыруға арналған семинар өтті.
Аталған семинарға Астана, Түркістан, Павлодар қаласы мен Жамбыл облысынан келген мамандар қатысты.
Семинар барысында «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілер», «Құжаттаманы жасау, құжаттаманы басқару қағидаларын қолдану», «Қызмет барысында пайдалану құжаттарымен жұмыс жүргізу мәселелері» атты тақырыптарда білікті архив қызметкерлері өз тәжірибесімен бөлісті.
Екі күнге созылған семинар қорытындысы бойынша әр өңірден келген мамандарға сертификаттар табысталды.