Сейдімбек Ақселеу Сланұлы
Бүгін ҚР Ұлттық архивінің жеке қор иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы, профессор Сейдімбек Ақселеу Сланұлының туған күні.
Атаулы дата қарсаңында А.Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінде Алаштың аяулы азаматына арналған «Ахаң деп, Ақселеу деп келеді елің, Бәйтерек тұлғаңменен ерек едің» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараға ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Нұрланова, ҚР Ұлттық музейінің директоры С.Серікқазыұлы, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Тарих ғылымдарының докторы Т. Садықұлы мен алаштанушы, ғалым Б.Тілеуұлы қатысты.
Кеш барысында Бағдат Байжантаевтың «Әулиетау» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Ақселеу Сейдімбектің жеке құжаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне 2009 жылдың қыркүйек айында қабылданған болатын. Бүгінде архив қорында А.Сейдімбектің өмірбаяндық құжаттары, құттықтаулар, марапаттау құжаттары, мінездемелері, фотосуреттері, монографиялық еңбектері, көркем шығармалары, кітаптары мен 700-ге жуық хаттары сақталған.