МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ АРХИВТЕРДІ ТОЛЫҚТЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ
23-24 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде «Мемлекеттік және ведомстволық архивтерді толықтыру және мемлекеттік есепке алуды жүргізу» атты біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың алғашқы күнінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С.Тащанова мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С.Нұрланова архив саласының дамуы туралы сөз қозғады.
Шара барысында С.Тащанова «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару қағидаларын қолдану», «Архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру» сынды бірнеше бағытта баяндама оқыса, ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы М.Шауленова «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) реті», Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы М.Нуртазина «Ұйымның істер номенклатурасын жасау», Құжаттарға есеп жүргізу және оларға ғылыми анықтамалық аппарат жасау бөлімінің басшысы Г.Сыздыкова « Құжаттардың есебін жүргізу; Құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппараты (ҒАА) жасау » атты баяндамасын оқыды.
Семинар соңында еліміздің әр аймағынан келген архивистерге сертификаттар табысталды.