МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛЕРДІҢ ЖАРИЯЛАУ ҚЫЗМЕТІ
21 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен ҚР Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік архивтердің жариялау қызметі» бойынша өңірлік семинар өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің, ҚР Ұлттық архивінің, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының басқармалары, облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архивтерінің жетекшілері мен мамандары қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Тащанова С. «Соблюдение требований Правил издания документов Национального архивного фонда», Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің» МҚК директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Маликова С. «Оновные требования публикации в научных журналах», «Қазақстан Республикасы Ұлтық архиві» РММ директорының оранбасары Мушкенова С. «Основные аспекты публикации статей в СМИ» , Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Астана қаласының мемлекеттік архиві»ММ-нің Ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмысы қызметінің жетекшісі Исахан Г. «Құжаттық жарияланымдар обьектісін таңдау туралы» тақырыптарда тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында архив құжаттары негізінде дайындалған құжаттық көрме таныстырылды. Көрмеге Германия, Венгрия, Франция, Чехия, Польша, Индия, Түркия, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінен әкелінген ұлт тарихына қатысты құнды құжаттардың көшірмелері қойылды.