Бүгінгі «Біздің басылым» айдарында «Петербор архивтарынан келген құнды құжаттар» мақаласын бөлісеміз.
Дерек Ұлттық архив шығарған «Архив-2025: Ұлт тарихындағы жаңа деректер» кітабынан алынды.
Мақаладан үзінді:
Тарих – өткенді зерттеп, заман талабына сәйкес өзіндік бағасын беру. Ал сол өткен жайттарды зерттеу үшін, белгілі бір деректер көздеріне сүйену қажет. Отан тарихына қатысты деректердің көпшілігі шетел мұрағаттары, кітапхана базаларында сақталған. Осыған байланысты ҚР үкіметінің Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды жинақтап, толықтыруға байланысты «Архив – 2025» кешенді бағдарламасы қабылданып, алыс және жақын шетелдерге іс-сапар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы” республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2022 І, ІІ жартысында Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт- Петербург, Уфа, Қазан, Түркия, Республикасының Стамбул, Венгрия Республикасының Будапешт, Үндістан Республикасы Дели қалаларында ғылыми іссапарын жүргізген еді.
Іссапар нәтижесінде Орыс географиялық қоғамынан 1857 – 1412, 58- қорлар бойынша жұмыс жасалып, жалпы 365 фотоқұжаттар алынды, оның ішінде 44 парақ құжаттар Ш.Уәлихановтың қолжазбасы және 2 карта бар.
Ғылым Академиясының кітапханасы бойынша картография бөлімінде жұмыс жасалып, Қазақстан тарихы бойынша 1745-1794 ж. қатысты 6 карта әкелінді.
Ресей мемлекеттік әдебиет және өнер архиві бойынша – № 346, 381, 398, 442, 1289, 1397 – қорлар бойынша жұмыс жасалып, 1024 парақ құжат елге оралды.
Іссапар нәтижесінде Қазақстан тарихына қатысты жоғарыда көрсетілген құжаттар әкелінді.
Мақала авторы: Нұрлыбек Әбелдинов «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ, Жариялау-баспа бөлімнің басшысы, мәдениеттану магистрі