БІЗДІҢ БАСЫЛЫМ
«АҚМОЛАДАН… – НҰР-СҰЛТАНҒА ДЕЙІН»
Ақмола
Сарыарқаның сайын даласында орналасқан Ақмола обласы тарихқа бай, тағдырлы мекен. Бұл өңірде Кенесары хан, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайлардың ізі қалған, Қоянды жәрмеңкесі, Қараөткел мен Күйгенжар сынды ел өміріндегі маңызды жерлердің аты сақталған.
Ақмола 1830 жылы Сібір қырғыздарының (қазақтардың) Жарғысына сәйкес құрылған Ақмола уезінің әкімшілік орталығы (бұйрығы) ретінде құрылды. Ақмола уездік бұйрығының ресми ашылуы 1832 жылы 22 тамызда болды. Қоңырқұлжа Құдаймендіұлын Ақмола сыртқы округінің бас сұлтаны етіп тағайындады.
Ақмола қаласының негізгі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді екенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округі және 1868 жылы уез орталығы болды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды.
Фотоальбомда ҚР Ұлттық архиві, ҚР Орталық мемлекттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві қорларынан, сондай-ақ Премьер-Министрдің жеке фотографы Шүкір Шахайдың, Орынбай Балмұрат, Игорь Бургандинов, фотосуретші Владимир Куриловтің жеке архивтерінен алынған архивтік құжаттар мен фотосуреттер пайдаланылды.
Басылымның басты мақсаты – архивтік құжаттар мен фотоматериалдар арқылы Елорданың қалыптасуы мен даму тарихын көрсету.
Дерек ҚР Ұлттық архиві шығарған «АҚМОЛАДАН… – НҰР-СҰЛТАНҒА ДЕЙІН» кітабынан алынды.