БІЗДІҢ БАСЫЛЫМ
ТҮРКИЯ ЕЛІНЕН ӘКЕЛІНГЕН МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ФОТОШЕЖІРЕСІ
«Біздің басылым» айдары бойынша «Архивтегі аманат» атты кітабынан алынған Түркия елінен әкелінген құжаттар арасынан Мұстафа Шоқайдың жеке фотосуретерін ұсынамыз.
Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға.
Өмірбаяны: Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр бойындағы Наршоқы деген жерде дүниеге келді. Отбасында бес ағайынды еді. Бала кезінен оқу-білімге құштар болды. Мұстафаның сауат ашуына үйде сақталған ескі қолжазбалар түрткі болыпты. Атасы Торғай датқа Сырдария болысын басқарған кезде, кітап жинауды әдет еткен. Әкесі Шоқай болса, өз ортасына сыйлы, қара қылды қақ жаратын би болған. Бес баласын бірдей оқытса да, ерекше ұғымтал, зерек Мұстафаның орысша білім алуын қалап, Перовскідегі орыс мектебіне түсереді. Мұстафа Шоқай Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. Аз уақыттың ішінде қатарластарынан оқ бойы озып шығады. Мұстафа Шоқай саясатқа Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген кезде араласа бастады.
Бірінші фотосурет – Мұстафа Шоқай кабинетінде түскен жеке суреті. Франция – Ногент, Нисан 1930ж. Көшірме.
Екінші фотосурет – Мұстафа Шоқай және әйелі Мария Яковлевна Шоқай. Тифлис. 6 мамыр 1919ж. Көшірме.
Дерек ҚР Ұлттық архиві шығарған «Архивтегі аманат (фотошежірелер мен карталар)» кітабынан алынды.