Алматы қаласында «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Президенті архивінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан архившілерінің II халықаралық Конгресі өтті.
Конгресте Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы «Архив саласындағы менеджмент әдістері» атты баяндамасын оқыды.
Алқалы жиынға 20 мемлекеттен келген архив қызметінің басшылары мен қызметкерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қазақстан Президенті Архиві ұйымдастырған іс-шара архившілердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, сала мамандарының ортақ алаңына айналды.
Сонымен қатар іс-шарада тарихи-мәдени және құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.