8 ТАМЫЗ – ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ
8 ТАМЫЗ – ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ
Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметтері басшыларының Консультативтік кеңесінің ХХ -шы отырысы басталды. Консультативтік отырыс,Тәжікстан Республикасының орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттар архивінің 80 жылдығына ұйымдастырылған «Қазіргі қоғамдағы кинофотофоно архивтер: даму өзекті бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде.
Халықаралық іс-шарада Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Татарстан, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің архив қызметтерінің есепті кезеңіндегі жұмысын қорытындылады. Ол жерде жаңа заман тарихын зерттеудегі архивтердің орны, архив құжаттарын электрондық сақтаудың жаңа цифрлық технологиясын, кино-фото, аудиовизуалды құжаттардың заманауи деңгейдегі қауіпсіздік жүйесін көрсетті. Сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың басқа да өзекті мәселелерін талқылау жоспарланды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры А.Х. Мустафина, Оталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева қатысуда.
Сағила Есімсейітқызы Тәжікстан Республикасының орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттар архивінің 80 жылдығына арналған құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық архивтің қызметтін таныстырды.