«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова бастаған ұжымы Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Өтеміс ауылының жалпы орта мектебінің ұстаздарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда көтерген кітап мәселесін негізге ала отырып, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын қолдау мақсатында Ұлттық архивтің төл туындылары: «Архив 2025: Ұлт тарихындағы жаңа деректер», «Отанына оралған құжаттық қазына» көптомдығының І-ІҮ томдары, «История столицы Казахстана», «Архивтегі аманат: фотошежіре және карталар» атты кітаптарын, жалпы саны 100 кітапты сыйға тартты.
Мектеп директоры Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы кітапхана қорын толықтыру үшін және оқушылардың бойына төл тарихымызға деген қызығушылықты дарытуда осындай тарихи кітаптардың аса қажет екенін атап өтіп, ризашылығын білдірді.