ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Шымкент қаласы әкімінің аппараты, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Шымкент қаласының мемлекеттік архиві ұйымдарстырған «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері»атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті. Екі мемлекеттің қор жинағынан «Қазақстан архивтеріндегі Өзбекстан мемлекетінің тарихы» және Өзбекстан Республикасы Узархив агенттінің «Өзбекстан архивтеріндегі Қазақстан мемлекетінің тарихы» көрмесі қойылды. Конференция модераторы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы қатысты.
Негізгі мақсат қазақ-өзбек қарым-қатынастарының архив қорлары бойынша тарихын жариялау, архив құжаттары мен цифрландыру рөлін, заманауи технологиямен сақталуын және даму перспиктиваларымен таныстыру.
Конференцияда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты құжаттық көрмесі таныстырылып, Ұлттық архиві директорының орынбасары Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы «Ұлт руханиятын түлеткен тұлға – Әлкей Марғұлан» атты дайындаған баяндамасын оқыды.