МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
«Тұңғыш Президент музейі» Корпоративтік қорының басшысы Күләйша Қабдуәліқызы және Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директоры Сағила Есімсейітқызы тиімді ақпарат алмасу жүйесін құру, архив ісін насихаттау мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тарихи мұрасын жүйелеу, ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісі бірлесіп атқарылады.