ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Сәуірдің 25 – 26 күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Іс жүргізу және архив ісіне қатысты қызметтері бойынша Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне біліктілікті арттыру мақсатында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру және құжаттаманы басқару» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Оқыту- семинарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі Комитетінің бөлім меңгерушісі С. Тащанова «Мұрағат ісі және құжаттарды басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілер», «Құжатты басқаруда құжат ережелерін қолданыңыз», «Құжаттау, құжатты басқару қағидаларын қолдану», «Қызметтік пайдалануға арналған құжаттармен жұмыс жасау мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, шара барысында ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова «Құжаттарды қалыптастыру – Ұлттық мұрағат қорының сапалы кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісті.
Әріптестерімен алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасап, өз тарихымыздың асыл мұра болып сақталып, ұрпаққа насихатталуына белсене атсалысатынын да айта кетті. ҚР Ұлттық архив қорының жинақтау бөлімінің меңгерушісі М. Нуртазинаның «Ұйым істерінің тізбесін жасауда ерекше назар аудару» тақырыбында лекция оқыды. Оқыту -семнарында Ұлттық архивтің басқа да қызметкерлері лекция оқып, практикалық тұрғыда сабақтар жүргізді.
Семинар соңында тыңдаушыларға курс өткендігі туралы сертификаттар тапсырылды.