ҚР Ұлттық архивінде «Тәуелсіз Қазақстан: Мемлекет және тұлға» атты ғылыми-танымдық кездесу өтті
ҚР Ұлттық архивінде «Тәуелсіз Қазақстан: Мемлекет және тұлға» (Тарихи және рухани сабақтастық) атты ғылыми-танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz. Іс-шара архивте ашылған «Қазақстан тарихы» кабинетінде ұйымдастырылды.
Басқосуды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары, т.ғ.д. Т.Садықұлы мен З.Оразғалиқызы жүргізіп, тақырыптың өзектілігі мен мән-жайын түсіндірді.
Алғашқы болып сөз алған ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы жиынға қатысқан студенттерге архивтің тынысын, тарихтың тағылымын айтты. Баяндама оқығандардың қатарында белгілі ғалымдар Т.Садықұлы, З.Оразғалиқызы, сондай-ақ магистранттар И.Мұратұлы, Г.Молыбайқызы болды. Тұлғатану мен тарих жайында баяндама оқыған ғалымдарға жастар қауымы ыстық ықыласын білдіріп, зейінмен тыңдады.
Шара барысында ҚР Ұлттық архивіндегі Біліктілікті жетілдіру бөлімінің басшысы Г.Алимовна студенттерді Жеке тектік қорлармен таныстырып, қызықты ақпараттармен бөлісті.