БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ
28-29 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2024 жылға арналған Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту бойынша «Құжаттардың құндылығын сараптау, істерді ведомстволық және мемлекеттік сақтауға дайындау» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы С. Тащанова, ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы М. Нұртазина, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивистері Н. Иргашева, С. Сапашева, ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы М. Шауленова, Архив қоймасының меңгерушісі А. Унгурбаев, Архивтік технологиялар бөлімінің басшысы А. Булашев лекция оқыды.
Оқыту семинарында «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілер», «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару қағидаларын қолдану», «Қызмет бабында пайдалану құжаттарымен жұмыс жүргізу мәселелері», «Ұйымның номенклатурасын жасау ерекшеліктері», «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу (құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу) » практикалық сабағы, «Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдау (тапсыру) реті (архив қоймасын көрсете отырып)», «Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ететін жұмыстар кешенін жүргізу бойынша» практикалық сабағы «Мекемеде құжаттау, архив жұмысын жетілдіру: мәселелер және тәсілдер» тақырыптары бойынша лекциялар оқылып, ҚР Ұлттық архив жұмысымен таныстыру экскурсиясы өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, біліктілікті арттыру семинары нәтижесі бойынша тыңдаушыларға сертификат берілді.