Кезекті біліктілікті арттыру семинары

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві 2024 жылға арналған Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту бойынша курстар мен семинарлардың жоспар – кестесіне сәйкес 28-29 наурызда «Құжаттардың құндылығын сараптау, істерді ведомстволық және мемлекеттік сақтауға дайындау»тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтетінін хабарлайды. Қатысу ақылы заңды тұлғалар үшін – 40 000 теңге, жеке тұлғаларға – 20 000 теңге.Біліктілікті арттыру семинары нәтижесі бойынша тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві (Нұржол желекжолы, 12).
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары – 8 (7172) 44-62-02, 44-62-80.
Қатысу туралы ақпаратты info@kazarhiv.kzэлектронды адресінежолдауды сұраймыз.