«Архивтердегі көрме қызметін ұйымдастыру тәжірибесі»
Былтырғы 12 қазанда қабылданған ҚР Ұлттық архиві мен Орынбор біріккен мемлекеттік архиві арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Архивтердегі көрме қызметін ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбы бойынша бүгін онлайн семинар-практикум өтті.
ҚР Ұлттық архиві тарапынан директор орынбасары Мушкенова Сәуле Несіпбайқызы, Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының жетекшісі Хайруллина Гауһар Әлімқызы, Жариялау және баспа бөлімі, Құжаттарды пайдалану бөлімі, Жеке тек құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері, ал Орынбор біріккен мемлекеттік архиві тарапынан директор орынбасары Попова Ксения Юрьевна, құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Корнева Наталья Григорьевна қатысты.
Семинар-практикум барысында тараптар көрме өткізудің заманауи озық тәжірибелерімен бөлісіп, екіжақты пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.