«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару: жұмыс жолдары мен принциптері» тақырыбында оқу курсы
Қарашаның 16-17 күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару: жұмыс жолдары мен принциптері» тақырыбында оқу курсы өтті.
Курсқа: «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «НГК«Тау-Кен Самрук» АҚ, «KEGOC» АҚ, Геральдикалық зерттеулер орталығының, Астана балет, Хореография академиясының іс жүргізу қызметтері мен архив ісі жауапты қызметкерлері қатысты.
Қурс барысында қатысушыларға, Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы Салтанат Тащанова, МҚҚБ басшысы Шолпан Жанатаева, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы Маржан Нұртазина, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивистері Нұрсұлу Иргашева мен Сандуғаш Сапашева, ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы Мая Шауленова, Архив қоймасының меңгерушісі Артық Унгурбаев, психолог, Л. Гумилев атындағы психологиялық қолдау қызметінің басшысы Назерке Бейсенова сынды білікті мамандар түрлі тақырыптарда лекциялар оқып, архивтің әр саласындағы өз тәжирибелерімен бөлісті.