«Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында курс өтті
Қазанның 26-27 күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбы бойынша курс өтті.
Курс барысында Архив, құжаттама және кітап ісі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Г. Қарсақбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы С.Тащанова сынды архив саласының білікті мамандары лекция оқып, курсқа қатысушылармен өз тәжірибелерімен алмасты.