Ұлттық архивте ғылыми зертхана ашылды
Астанада Ұлттық мұрағат жанынан ғылыми зертхана ашылды. Архивтік құжаттарды зерттеп, зерделеумен айналысатын кеңседе Мемлекет тарихы институтының ғалымдары мен мұрағат мамандары жұмыс істейді. Олар тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін құнды дүниелерді зерттеумен ғана емес, оларды жарыққа шығарумен де айналысады. Одан бөлек мамандар, Қазақ еліне қатысты шет елдерден әкелінген маңызды мәліметтерді де зерттейді. Мәселен, қазірдің өзінде Чехия, Ресей, Түркия және Германияның архивтерінен алынған құжаттар бар.
Бүркітбай Аяған, зертхана жетекшісі:
-Нақты 3-4 адам кәдімгі күндіз-түні жүреміз осында. Бірақ көптеген ғалымдарды біз ұйымдастыру арқылы, бұл өзі мыңдаған құжат қой, құжаттар өте көп. Әрі көбі халыққа танымсыз әлі. Біздің республиканың көптеген тарихшылары бар ғой, кафедралары, солардың барлығына көмек беру, дайындау. Сол дайындалған құжаттар бойынша оқулықтар жазылып жатады.