«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін цифрландырылған құжаттармен толықтыру» тақырыбында семинар өткізілді
2023 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың басшылығымен өткізілген Электрондық архив және кітапханаларды цифрландыру жөніндегі кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы 04 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» төрағасының орынбасары Қарсақбаева Г.Е. және «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-нің директоры Нұрланова С.Е. басшылық етуімен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін цифрландырылған құжаттармен толықтыру» тақырыбында мемлекеттік органдардың қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда ҚР Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын барлық мемлекеттік органдардың құжаттаманы басқару бөлім қызметкерлері мен архивистеріне «Е-архив» ақпараттық жүйесі, электрондық құжатайналым, құжаттарды цифрландыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
«IServ» ЖСШ-нің өкілі Рсалиев Д. «Е-архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау бойынша демонстрациялар көрсетіп, ақпараттық жүйенің модульдеріне жеке тоқталып, жүйеге қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.