«Құжаттардың құндылығын сараптау, істерді архивте сақтауға дайындау» тақырыбында оқу курсы өтті
Қыркүйектің 14-15 күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Құжаттардың құндылығын сараптау, істерді архивте сақтауға дайындау» тақырыбында оқу курсы өтті.
Курсқа:
– Мәдениет және ақпарат министрлігінің архивисі Назым Айтжанова,
– Ақмола облысы Целиноград ауданы мемлекеттік архивінің қызметкері Айжан Алпысбекова,
– Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анар Баймагамбетова,
– «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ архивисі Райкуль Жандосова,
– Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы Бақытжан Омарова,
– «Қазаэронавигация» РМК құжаттық ілестірме және архив бөлімінің 1-санатты маманы Айгүл Сейтимова,
– Түркістан облысы мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушы Әсел Сейтказиева,
– Панфилов ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімі басшысы Гүлнар Муналиева,
– «KMG PetroChem» ЖШС архивистері Анар Кенжалиева мен Азель Мукашева,
– Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының іс жүргізушісі Сәуле Қарабасова және
– JFOOD KAZAKHSTAN компаниясының менеджері Сәуле Молданазарова қатысты.
Қурс барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысы Салтанат Тащанова, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің басшысы Маржан Нұртазина, Ұлттық архив қорын қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маман-архивистері Нұрсұлу Иргашева мен Сандуғаш Сапашева, психолог, Л. Гумилев атындағы психологиялық қолдау қызметінің басшысы Н. Бейсенова, ҚР Ұлттық архивінің бас қор сақтаушысы Мая Шауленова, Архив қоймасының меңгерушісі Артық Унгурбаев, Архивтік технологиялар бөлімінің басшысы Айдар Булашев сынды білікті мамандар түрлі тақырыптарда лекциялар оқып, архивтің әр саласындағы өз тәжирибелерімен бөлісті.