Ұлттық архивте архив және кітапхана ісін цифрландыру бойынша кеңес өтті
15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың қатысуымен архив және кітапхана ісін цифрландыру бойынша кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлім меңгерушісі Нұрдәулет Төлеев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов, Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш және басқа да ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Отырыс барысында «Бірыңғай электронды құжаттар архиві» ақпараттық жүйесі таныстырылып, архив және кітапхана ісін цифрландыру барысы талқыланды.