Самарқанд қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
20-22 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында «Архив және электронды құжаттар: уақыт сынақтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшылығы және еліміздегі мемлекеттік архивтердің директорлары қатысуда.
Халықаралық жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы «Архивті цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» тақырыбында баяндама жасап, аталған тақырып бойынша жан-жақты мәселелерді көтерді.