Біліктілікті арттыру орталығының кезекті курсы
2023 жылғы 15-16 маусым күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Біліктілікті арттыру орталығының «Ұйымда ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтауды, толықтыруды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру» курсы өтті.
Курс барысында ОМҒТҚА ҰАҚ және ведомстволық архивтерді жинақтау бөлімінің жоғары санаттағы архивисті Н.З.,Биримкулова, ОМҒТҚА ҰАҚ және ведомстволық архивтерді жинақтау бөлімінің басшысы Т.С.Джанайдарова, ОМҒТҚА ҰАҚ және ведомстволық архивтерді жинақтау бөлімінің жоғары санаттағы архивистері И.К.Ерғалиева мен А.А.Тұрсыналиева, «Казтрансойл» АҚ архивариусы А.А. Ахметова, Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп және құжаттарға ҒАА бөлімінің басшысы К.А. Насырова, ҚР ОМҒТҚА бас сарапшысы В.Е.Печерских, Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы А. Смагулова, ҰАҚ және ведомстволық архивтерді толықтыру бөлімінің жоғары санаттағы архивисті, әлеуметтік ғылымдар магистрі И.К. Ерғалиева, «TAU Development» ЖШС архивариусі В.Ф.Рудняева, Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары санатты архивисті, әлеуметтік ғылымдар магистрі С.О. Саблин, Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары санатты архивисті Т.П. Искакова, Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары санатты архивисті Копешов А.Т. сынды мамандар қатысушыларға дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
***