ҚР Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы
Сәуірдің 20-сы күні ҚР Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда 18 құжат қаралды, оның ішінде ҚР Орталық мемлекеттік архиві мен ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасы аясында шетелдерден әкелген құжаттар тізімдемесі сараптамадан өтіп, бекітілді.
Сонымен қатар, Ұлттық архивтің жеке тек қор иелері Сұлтан Оразалы мен Қадыр Әлімқұловтың құжаттарының жеке тектік істер тізімдемесі бекітілді.