Кезекті біліктілікті арттыру курстары
Сәуірдің 20-21 күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында кезекті біліктілікті арттыру курстары өтті.
Екі күндік семинарға Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің, Орталық мемлекеттік архивтің, Астана қаласы мемлекеттік архивінің, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Ұлытау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Абай, Қызылорда облыстары архивтерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Г. Қарсакбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова, Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті басқармасының басшысы С.Тащанова, психолог, Л. Гумилев атындағы психологиялық қолдау қызметінің басшысы Н. Бейсенова сынды білікті мамандар дәрістер оқып, өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісті.